
2023 жылғы 27 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға ШҚО бойынша МКД басқармаларының басшылары және қызметте үздік нәтиже көрсеткен жас мамандардың ата-аналары қатысты.
Кездесу барысында Департамент басшысы Саят Бимағамбетов Мемлекеттік қызметшілер күніне орай құттықтау сөз сөйлеп, ерекше көзге түскен жас мамандардың ата-аналарына жоғары жұмыс көрсеткіштері үшін, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналиновтың атынан алғыс хаттар табыс етті.
Өз кезегінде ата-аналар басшылыққа жас мамандардың қызметін бағалағаны үшін алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында қызметкерлердің ата-аналары Департамент мұражайына жүргізілген экскурсия барысында облыстың Мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихымен таныстырылды.
Кездесу естелік фотосуретке түсумен аяқталды.