
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (бұдан әрі С.Аманжолов атындағы ШҚУ), Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті (бұдан әрі ҚАЕУ) сияқты өңірдің жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік туралы жасалған Меморандум шеңберінде студенттерге дәрістер өткізуде.
Меморандумның мақсаты студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салық және кеден саласында болашақ жас мамандарды даярлау сапасын арттыру болып табылады.
2022 - 2023 оқу жылы кезеңінде С.Аманжолов атындағы ШҚУжәне ҚАЕУ «Кеден ісі» және «Қаржы» мамандықтарының 4 - курсының, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алатын 3 - курстың 106 студенті кеден және салық заңнамасы бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінен оқыту курсынан өтіп, студенттерге сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, ШҚО бойынша МКД өкілдерімен студенттер үшін Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін, акцияларын танымал ету мақсатында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізіледі.
Жазғы демалыс аяқталғаннан кейін оқу курстары қайталанады және басқа жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің білім деңгейлерін арттыра алады.