Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:
Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кедендік бағыттағы 4 қызметі баламалы түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Өскемен қаласындағы филиалдары арқылы көрсетіледі. Олар:
- Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау;
- Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау;
- Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру;
- Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту.