Date of publication: 21.12.2016 16:38
Date of changing: 21.10.2019 15:36

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 101 шешіміне сәйкес 2017 жылғы 01 қаңтардан Еуразиялық экономикалық одағы Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифтің жаңа редакциясы күшіне енеді. Бұл жаңа енгізілім 2017 жылғы 01 қаңтардан Тауарлардың сипатталуы мен код беру үйлестірілген жүйесінің 6-басылымның күшіне енгізілгеніне байланыстырылған. Өзгерістер 233 түзетуді құрайды, оның ішінде 85 аграрлық-өнеркәсіптік сектордың таураларын қозғайды, 45 - химия өнеркәсібінің өнімдері, 13 – ағаш өңдеудін өнімдері, 15 – тоқыма өнеркәсібінің өнімдері, 6 – қымбат бағалы емес металдар, 25 – машина жасау, 18 – көлік құралдары және 26 – өзге өнеркәсіп салалары.

Өзгерістердің негізгі бөлімі - қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік мәселелерді шешу үшін (мысалы, азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету) маңызы болған тауарлардың халықаралық саудасына бақылау қажеттігін көрсететін ережелерін ҮЖ номенклатурасына қосқан нәтижесі болып табылады.

 

ШҚО бойынша МКД

Тауар номенклатурасы және

кедендік құн басқармасы