Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі - Департамент) 2016 жылдың 15 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Тұмабаев Қуат Мухитұлы, Мемлекеттік қызмет істерінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Камалов Бахтияр Камалович, «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті органдарының ардагерлер ассоциясы» ШҚО филиалының басшысы Нугманов Слямгазы Балагазович, Мерекенов Мурат Мукаевич және ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Осы шарада жұмыста жоғары нәтижелерге жеткен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тумабаев Куат Мухитович «ҚазақстаРеспубликасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалдарды Департмент басшысы Б. Айнабековке және ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлеріне табыстады.
Бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер Комитеті және Департаменттің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің мерейтойлық төс белгілерін Мемлекеттік қызмет істерінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Камалов Бахтияр Камалович табыстады.
Мерекелік шара концертпен жалғасты.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті