
2023 жылғы 05 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына семинар өткізді.
ШҚО бойынша МКД, Берешекпен жұмыс басқармасы, Оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Сайран Уалибекова «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң шеңберінде, атап айтқанда, банкроттық рәсімінің үш түрі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова студенттерді дара кәсіпкер ретінде тіркеу, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін таңдау тәртібі, бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, салық есептілігін ұсыну туралы ақпаратпен, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу мақсатындағы алдағы іс-шаралармен таныстырды, мерзімдерін хабарлады және 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру мен ұсыну қалай жүзеге асырылатыны жайлы хабардар етті. Сонымен қатар, салық міндеттемелерін орындау және бизнесті жүргізу мақсатында «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларының артықшылықтарына семинарға қатысушылардың назарын аударды.
Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері берілген тақырыптар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды.
Іс-шараға қатысушыларға «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жаңашылықтары туралы буклеттері табыс етілді.