Date of publication: 06.06.2023 10:39
Date of changing: 06.06.2023 10:42

2023 жылғы 01 маусымда Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілер мен консалтингтік компаниялар өкілдерінің, сондай - ақ «Қазпошта» акционерлік қоғамының ШҚОФ, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті» РММ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚОФ, Екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінің қатысуымен, салық, кеден заңнамасындағы өзекті тақырыптар бойынша «Ашық есік күні» форматында семинар өткізілді.

Ашық есік күні барысында «Салық төлеушілердің төлем құжаттарында ЖСН/БСН көрсетуінің дұрыстығы» тақырыбында ШҚО бойынша МКД, Мемлекеттік қызметтер басқармасы, Дербес шоттарды есепке алу және жүргізу бөлімінің басшысы Людмила Агарина сөз сөйледі.

Департаменттің Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Темір Кулекин тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу, шетелдік автомобильдерді заңдастыру туралы ақпаратпен бөлісті.

Бұдан әрі Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова іс-шараға қатысушыларды бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға, бірыңғай төлемге, онлайн-БКМ, ҮИЖ қолдануға, жалпыға бірдей декларациялауға, цифрлық жаңалықтарға қатысты ақпаратпен хабардар етті.

Іс-шараны қорытындылай келе, Гүлмира Сабралимова салық міндеттемелерін орындау және бизнесті жүргізу мақсатында «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларының артықшылықтарына салық төлеушілердің назарын аударды.

Шара соңында салық төлеушілер ШҚО бойынша МКД өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, келесі іс-шараларда талқылауға арналған тақырыптар бойынша ұсыныстарын білдірді және түсіндіру жұмысы үшін алғыстарын айтты. Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Іс-шараға қатысушыларға «e-SalyqAzamat», «e-SalyqBusiness», «SalyqBot» Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жаңалықтары туралы буклеттер табыс етілді.