Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында Қазақстан Республикасының тауелсіздік алуына 25 жыл толу мерекесіне қарай мерекелік жиын өткізілді. Коллективті құттыктау үшін Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Ш.Мұхаметқалиев жиынға қатысушыларға құттықтау сөздер айтып, өшпес бақыт,зор денсаулық,еңбектеріне табыс,ашық аспан, сыйласымдылық тілегін білдірді.
Қазахстан Республикасының тауелсіздік алу кунін атап өту мерекесі барысында үздік жұмыс жасаған қызметкерлерге мақтау қағаздары табыс етілді.
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жұмысқа жаңадан қабылданған мамандар Абилмажинов Д.Д., Карибжанов Е.О. и Камалитденов Д.Х. салтанатты түрде ант қабылдады.
Мерекелік шараның аяқталуы Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарының өз күштерімен ұйымдастырылған концертке ұласты.