
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына жеткізеді!
2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімінің аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарламалар жіберілді.
2023 жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 23077 адамның берешегі бар, берешек сомасы 640 млн. теңгені құрайды.
1 АЕК-тен (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылған уақыттан отыз жұмыс күні өткеннен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрықтар қалыптастырылады, олар бес жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.
Бұдан басқа, бюджетке салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауды кешіктірген әрбір күн үшін (4 сәуірден бастап) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күнге өсімпұл есептеледі.
Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, берешек сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.
Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай-аФқ, 40 АЕК (138000 теңге) берешек сомасынан бастап Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Осылайша, артық шығындар мен мәселелерді болдырмау үшін, салық бойынша берешек болған жағдайда, 26 мамырға дейін, яғни жеке сот орындаушыларына өндіріп алуға салықтық бұйрық берілген сәтке дейін салық пен өсімпұлды төлеуді ұсынамыз.
Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді «Е-Salyk Azamat» - электрондық сервистерде - Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисінде ЖСН енгізу арқылы мобильді қосымшаның көмегімен тексеруге болады.