
2023 жылғы 22 мамырда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жібітаев Асхат Райынбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері (бұдан әрі - ҚҚС)» тақырыбында сөз сөйледі.
Брифинг барысында Асхат Жібітаев ҚҚС әкімшілендіру үдерісі туралы ақпаратпен бөлісіп, ҚҚС-ның асып кетуін қайтару мерзімі мен тәртібіне баса назар аударды.
Сондай-ақ, ШҚО бойынша МҚД басшысы орынбасарының міндетін атқарушы брифингке қатысушылардың назарына қандай жағдайларда және салық төлеушілердің қандай санаттарына қосылған құн салығының асып кетуін қайтару жүргізілмейтіні жайлы жеткізді.
Брифинг соңында Асхат Райымбекұлы БАҚ-тың тақырып аясындағы сұрақтарына жауап берді.
Толығырақ келесі сілтеме арқылы білуге болады: https://fb.watch/kJz3fLPVUB/?mibextid=RUbZ1f