Date of publication: 15.12.2016 15:27
Date of changing: 21.10.2019 15:36

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және «Нұр Отан» ҚБ ШҚО филиалымен бірлесіп Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың  қатысуымен «Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бөлігіндегі жаңалықтары және жетістіктері» тақырыбында форум өткізді.

ШҚО бойынша МКД Мемлекеттік қызметтер көрсетулер басқармасы басшысы Б.К. Қамбаров «Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде енгізілген жаңалықтары» тақырыбына баяндама жасады, ол мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік Тізілімге сәйкес салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 52 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетіне (32 – салық бағытында және 20 – кеден бағытында) тоқталды.

Сонымен, мемлекеттік қызметтер бойынша барлық стандарттар мен регламенттер жасалды және бекітілді. 2016 жылғы 11 айы ішінде мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы 1 260 872 қызмет көрсетілді, соның ішінде электронды нысанда - 1 111 199 немесе қағаз түрінде - 149 673 немесе 11,9%.

Ол қатысушыларға салық бағытында Салық төлеушілер кабинеті және «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы соның ішінде бизнесте көп талап етілетін қызметтің бір түрі – «Жеке кәсіпкерлер тіркеу есебін» айтып берді.

Осы қызмет толығымен «электрондық үкімет» порталында автоматтандырылған, бұл қызметті алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. Одан да көп сұранысқа ие «Салықтық есептілікті ұсыну» автоматтандырылған қызмет болып табылады. 2016 жылдың 11 айы ішінде ұсынылған салықтық есептіліктің 640 189-ынан 624 723-і электронды түрде Салық төлеушілер кабинеті арқылы ұсынылды (немесе 97,6%).

Ол қатысушыларға «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қазіргі уақытта балама негізде салық бағытында 24 қызмет ұсынылатынын мәлімет ретінде ұсынды. МКД және АКБ деңгейінде көрсетілетін қызметтердің 19-ы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қол жетімді. Тағы да 5 қызмет Департаменттің кеден бағытында биылғы жылдың соңына дейін қол жетімді болатынын айтып берді.

Одан әрі баяндамашы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызмет алушылардың сеніміне кіру үшін жағдай жасау мақсатында жүйелі негізде есептілікті қабылдау орталықтарының жұмыстарының жетілдіріліп (одан әрі - ЕҚО) жатқандығына да тоқталды. Өскемен қаласы бойынша МКБ және Семей қаласы бойынша МКБ-да Кезекті электрондық басқару жүйесі (одан әрі - КЭБЖ) орнатылды, ол клиенттер легін сауатты түрде басқаруға көмектеседі және адамдардың жиналуын болдырмайды, сонымен қатар салық төлеушілерге әр терезеде орнатылған қондырғы (планшет) көмегімен қызмет көрсеткен әрбір қызметкер жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.

Сөз соңында баяндамашы мемлекеттік кірістер органдары тұрғындары мен бизнестің барлық топтарына мемлекеттік қызмет көрсетуде барлық жағдай жасалып жатқандығын сондай-ақ, салықтық және кедендік міндеттемелерді орындауды да атап өтті.

«Мемлекеттік кірістер органдарының кедендік әкімшілендіруді оңайлату және СЭҚ қатысушыларға қолайлы жағдай жасауда шаралар қабылдау туралы» тақырыбына ШҚО бойынша МКД кедендік бақылау басқармасының басшысы Р.Нұрлыбеков «АСТАНА - 1» ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жайлы айтып берді. Осы жоба шеңберінде «Электрондық үкімет» төлемдік шлюз ақпараттық жүйесімен ұйымдастыру-техникалық түйістіру (біріктіру), яғни, кедендік төлемдер мен салықтарды бюджетке төлеу және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі төлемдер туралы мәліметтерді алу бөлігінде қамтамасыз ету жүргізіліп  жатқандығына тоқталды.

Сонымен қатар, тауарлар шығарылымынан кейінгі кезеңде кедендік тазарту кезеңінен кедендік бақылау негізінен ауысуы анықталуда.

Еуразиялық экономикалық одағы Кеден кодексінің жобасын түзету шеңберінде қарастырылуда:

- кеден декларациясын кеден органдарының толтыру мүмкіндігі;

- барлық тауарлар санатына қатынасында кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзартуды қабылдау мүмкіндігі;

- алдын ала ақпараттар мәліметін қысқарту;

- келу орындарында кедендік және басқа мемлекеттік бақылау түрлері үшін алдын ала ұсынған ақпаратты мемлекеттік кірістер органдары мен басқа бақылаушы органдарды міндетті түрде пайдалану;

- тауарлар транзитінде алдын ала ақпаратты ұсынуда ағылшын тілін қолдану;

Баяндамашы қатысушыларға «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға камералдық бақылау» сервистік бағдарламалық өнімін құру жоспарланғанын, ол Қазақстан Республикасы аумағында сертификациялауға жататын өнімдердің сәйкестігін растау рәсімдерінен өту және барлық әкелім үрдісін қадағалау қарастырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, ол өнімдердің сәйкестігі және өнімдерді сынау хаттамалары (немесе) бағалау (растау) туралы шетелдік құжаттарды тану механизмі жұмыс жасалып жатқандығы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде біріктірілген бірлестік және үшінші елдермен саудада техникалық кедергілерді жоюда механикалық кемшіліктерді жою жете тексерілу жүріп жатқандығы жөнінде айтты.

Одан әрі  «Нұр Отан» ҚБ ШҚО партиясы филиалының өкілі Д. Қадырбаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміздің дамуындағы жетістіктер» тақырыбына баяндама жасады, ол мемлекетіміздің экономикасының дамуындағы жетістіктер, салық саясатындағы жетілдіру туралы, сондай-ақ, мәлімет үшін азаматтардың өтініштері үшін реквизиттерін хабарлады.

Салық бағытындағы қызметтердің бірі болып салық заңнамасын түсіндіру болып табылады, бүгінгі таңда «Шетелдік қаржыландыру мониторингі» өзекті тақырыбына ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасы салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы С.Сабралимова сөз алды.

Тыңдаушыларға шетелдік көздерден қаржыландыру алған жеке және заңды тұлғаларды қарастыратын Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627 баптарына өзгертулер енгізілгенін, мемлекеттік кірістер органдарына есептілік ұсынатынын, сондай-ақ, салықтық тізілім жасау және айқындалған деректер базасына енгізу туралы жеткізді.

Сонымен қатар, жүзеге асырылатын шаралар хабарлама сипатында екендігін және салық төлеушілердің құқығын шектемейтінін, ақша құралын алуда, шығындауда рәсімдердің айқын болуына құрылғанын атап өтті.

Отырыс барысында форумға қатысушыларға қосымша Салық кодексінің нормалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Қатысушылар осы бағыт бойынша және басқа да толғандырған сұрақтарына жауап алып, өзекті мәселелерді талқылады.

Тұтастай алғанда, Форумды өткізу табысты өтті деп бағаланды.