Date of publication: 27.04.2023 17:57
Date of changing: 27.04.2023 17:59

Екінші кезеңде 2023 жылда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары     декларацияны табыс ету міндеті жүктеледі.

Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.                                                         

2025 жылғы соңғы кезең азаматтардың қалған санаттарын қамтиды.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) жеке тұлғалар жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген күні жинақталған активтер мен қолда бар міндеттемелер бойынша мәліметтерді тіркеу үшін жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет ұсынады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250.00-нысан) шет мемлекетте жылжымалы және жылжымайтын мүліктің, шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшаның болуы, Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі көрсетіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында да, шет мемлекетте де бағалы қағаздардың, инвестициялық алтынның, зияткерлік меншік объектілерінің, АЕК-тің 10000 еселенген мөлшері шегіндегі қолма-қол ақша қаражатының, банк ұйымдарын қоспағанда, нотариат куәландырған құжат болған кезде жеке тұлғалардың бір-бірінің алдындағы дебиторлық және кредиторлық берешегінің болуы; сондай-ақ жеке тұлғаның қалауы бойынша бағалау болған кезде 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын қымбат мүлік (антикварлық заттар, қымбат суреттер және т.б.) көрсетілуі мүмкін.    

Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz)  ресми сайтының "Жалпыға бірдей декларациялау" бөлімінен алуға болады.                       

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде, оның ішінде 250.00 нысанындағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру бойынша әр сәрсенбі сайын сағат 11.00-ден 11.30-ға дейін ZOOM бағдарламасында "Сұрақ-жауап" форматында конференция өткізеді.                                                                            

Конференция идентификаторы "86149502822". ZOOM конференциясына "123456" паролін қолдана отырып, кез-келген адам қосыла алады және қызығушылық тудырған сұрақтарын қоя алады.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы