
ШҚО арнайы салық режимдері бойынша семинар өткізілді
2023 жылғы 26 сәуір айында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында салық төлеушілердің, консалтингтік компаниялардың өкілдерінің қатысуымен арнайы салық режимдері, ҚР ҚМ МКК порталының цифрлық (Е-Salyqazamat, Е-SalyqBusiness, SalyqBot) өнімдері мен интерактивті сервистерін танымал ету, сондай-ақ акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру бөлігінде салық заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізді.
Кездесу барысында ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимінің қолданылуын ретроспективті түрде қалпына келтіру бөлігінде салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бөлшек салықтың АСР, мөлшерлемелерді, салық салу объектісін қолдану шарттары, есептеу және осы режимге көшу тәртібі, осы режимнің артықшылықтары туралы айтты. Сондай-ақ, салық есептілігін жасау тәртібі (913.00 нысанның жобасы), декларацияны тапсыру мерзімі және салық төлеу мерзімі туралы хабарлады.
Сондай-ақ, арнайы мобильді қосымшаны (Е-Salyqbusiness) пайдалана отырып, арнайы салық режимі бөлігіндегі өзгерістер, осы режимнің артықшылықтары, бірыңғай төлемді есептеу және төлеу тәртібі, цифрлық инновациялар туралы айтып өтті.
Департаменттің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Байділдин Манарбек Жанұзақұлы салық төлеушілерге акцизделетін өнімді әкімшілендіру тәртібі, ТІЖ ресімдеу, ЭШФ үзінді көшірмелері туралы жеткізді.
Семинар барысында қатысушылар бөлшек салықтың ТІЖ қолдану бойынша, салықтарды есептеу мөлшерлемелері мен тәртібі, осы режимге көшу тәртібі, бірыңғай төлемді есептеу, ТІЖ ресімдеу және ЭШФ жазып беру бойынша бірқатар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алынды.