
2023 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Заңға қол қойып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне өзгерістер енгізді.
Сонымен,бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мына шарттарға сәйкес келген салықтөлеушілер қолдануға құқылы:
- салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;
- күнтізбелік жылдағы табыс 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды (2023 ж. – шамамен 2 млрд. теңге);
-Осы режимді қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асырады.
Бөлшек салық ставкалары:
- 4% - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың (Мәслихат) бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50% - ға, яғни 4% - дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар;
- 8% - кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (сатыпалушының ЖСН / БСН көрсетеотырып, электрондық шот-фактура жазып немесе чек бере отырып). Бұл ставканың мөлшері төмендетілмейді.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысуға өтініш білдірген ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер а.ж. 1 мамырына дейін мемлекеттік кірістер органдарына «G. Бөлшек салықтың СТН-на» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмеу» себептерінің белгісі бар АСР бойынша Хабарлама ұсынуы қажет, ол осы режимді 01.01.2023 жылдан бастап кез келген күннен 30.04.2023 жылға дейін қолдануына мүмкіндік береді.
Бөлшек салықтың АСР-не ауысуды жариялаған ҚҚС төлеушілер АСР бойынша Хабарлама берілген күннен бастап а.ж. 1 мамырына дейін:
-«А. ерікті шешім қабылдау»себептері бойынша«G. Бөлшек салық АСР-не»2-бөлімінде белгісі бар АСР бойынша Хабарлама;
-қосылған құн салығын(бұдан әрі - ҚҚС)төлеушілерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш (қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алу бөлігінде);
-ҚҚС бойынша тарату салық есептілігінмемлекеттік кірістер органдарына тек қағаз жеткізгіште ұсынуы қажет.
Көрсетілген салық төлеушілер үшін бөлшек салықтың АСР қолданылуының басталу күні, АСР бойынша осындай Хабарлама берілген күн болады.