Date of publication: 21.04.2023 18:08
Date of changing: 21.04.2023 18:09

2023 жылғы 20 сәуір айында Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тақырыбында «ШҚО бойынша Аймақтық коммуникациялар қызметі» алаңында брифинг өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы Сайран Уалибекова бүгінгі күні банкроттық рәсімі 277 кәсіпорынға, ал оңалту рәсімі 25 кәсіпорынға қатысты қолданылғанын хабарлады.

Банкроттық борышкердің, кредиторлардың немесе өзге де уәкілдердің сотқа берген өтініші негізінде ерікті түрде белгіленеді. Сотқа жүгіну үшін тұрақты төлем қабілетсіздігі, ал борышкерді сот тәртібімен банкрот деп жариялау үшін оның дәрменсіздігі негізі бола алалды", - деді Сайран Уалибекова.

Ол сондай-ақ банкроттық рәсімінің мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылатынын қосты. Рәсімді өткізу мерзімі 9 айды құрайды және негіздер болған жағдайда кредиторлар жиналысымен 2 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Оңалту-сот тәртібімен қолданылатын рәсім, оның шеңберінде борышкерге төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған ҚР заңнамасына қайшы келмейтін құқықтық және өзге де шаралар қолданылады. Уақытша төлем қабілетсіздігі борышкердің немесе кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы сотқа өтініш беруі үшін негіз болады. Егер өтініш берілген күні бір немесе бірнеше жағдайлар болса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады.

Оңалту рәсімін қолдану шеңберінде кредиторлармен бірлесіп кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес берешекті өтеу кестесі негізінде  кәсіпорынды оңалту жоспары жасалады.

Кәсіпорынның оңалту мақсаты борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Жоспарды іске асыру мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс.

Сөз соңында журналистер жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы сұрақтарын қойып, оларға баяндамашы толық жауап берді.