Date of publication: 20.04.2023 18:40
Date of changing: 20.04.2023 18:46

ПРЕСС – РЕЛИЗ

 

    

2023 жылдың 20 сәуір айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта шығарылған жиналыс өткізілді.

Өз баяндамасында Б.О. Тұяқов Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқына, өз функционалды міндеттерін дұрыс, анық, уақытылы орындауына жоғары талап ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекетік қызметкерлердің сырт келбетіне де жоғары талап бар екенін айтып, және де  мемлекеттік қызметкерлер арасында тұлға аралық қатынастарды, басшы мен бағыныстағы қатынастарды реттейтінін көрсетті. 

Этикалық кодекстің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға және де өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Жиналыстың соңында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл ШҚО бойынша МКД барлық мемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және басқа да күнделікті жұмыста қолданатын нормативтік-құқық актілерін сақтауын талап етті.

Қатысқандарға алғысын айтып, жұмыста сәттілік тіледі.