
Жалпыға бірдей декларациялаудың 2-ші кезеңі аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Сұрақ-жауап" форматында ZOOM конференциясын өткізді.
Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдерін, ұсыну тәсілдерін белгілеп, 250.00-нысан "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы" декларацияны және 270.00-нысан "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы" декларацияны толтыру бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.
Түсіндіру жұмыс басқармасы