Date of publication: 13.04.2023 08:38
Date of changing: 13.04.2023 08:38

«Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығы (бұдан ары-Бұйрық)  күшіне енгенін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Осы бұйрықпен кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілді (бұйрыққа қосымша).

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда №32172 болып тіркелді.