Date of publication: 06.12.2016 15:04
Date of changing: 21.10.2019 15:36

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар үшін көлік құралы салығын төлеу мерзімі ағымдағы жыл үшін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін екендігін автокөлік иелеріне ескертеді!

Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес, тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.

Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.