Date of publication: 02.12.2016 16:28
Date of changing: 21.10.2019 15:36

Қазақстанда бесінші рет 1 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекеленіп келеді. Осыған байланысты Мемлекеттік мерекені мерекелеуге ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты шара өткізілді.

«Бұл мереке басқа мерекелермен салыстырғанда, көпқырлығымен ерекшеленеді. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні – бұл тәуелсіз Қазақстандағы алғаш рет жалпыхалықтық президентін сайлаған күн.

Жеке құрам алдындағы сөзінде Департамент басшысы Бауыржан Айнабеков «Осы күні, 1991 жылы 1 -желтоқсанда Қазақстан үшін тағдыры шешілген күн болып есептеледі, сайлау болды,сол сайлау барысында Қазақстан Республикасының Президенті болып Нұлсұлтан Назарбаев сайланды», - деп өз сөзінде атап көрсетті. Ол қатысушыларға Қазақстан тәуелсіздік жылдары тұрақты мемлекет өкімет институттарымен  қуатты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екендігіне»,- баса назар аударды.

«Отандық және шетелдік сарапшылардың пікірінше, көпұлтты елімізде ынтымақтастық пен төзімділік бекітілген, бұл Ұлт Көшбасшысы – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі».

Одан кейін осы мерекелік шараға арналған «Ұлт Көшбасшысы» тақырыбына ШҚО ардагерлер кеңесі төрағасы, салық қызметінің құрметті ардагері – Слямғазы Нұғуманов баяндама жасады. 

«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақтанды өзінің ерекше дара жолымен, бірыңғай әлемдік экономика жағдайында елді алдыңғы қатарда шығару үшін даналығымен алып келеді, - деп еліміздің тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегендігін, елбасының қиын-қастау дағдарыс кезеңінен алып шыққандығы» туралы ол әңгімелеп берді.