Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп 2016 жылдың 24 қараша айында, Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қатысуымен «Электронды-шот фактураларды жазу бойынша жалпы мәселелер және Шетелдік қаржыландырудың мониторингі» тақырыбына семинар өткізді.
Семинарды Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Сейтказин А.Е. ашып, семинар бағдарламасын хабарлап, баяндамашыларды таныстырды.
ШҚО бойынша МКД-нің түсіндірме басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы Н.Адыбаева «Шетелдік қаржыландырудың мониторингі» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.
Баяндама барысында, қазіргі таңда шетел көздерінен түсетін түсімдерге салықтық бақылау жүргізу мақсатында және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шегінде заңнамалық актілерге тиісті түзетулер, соның ішінде Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627 баптарына да тузетулер енгізілгендігіне тоқталды. Өзгеріс енгізу туралы Заң ресми басылымдарда ағымдағы жылдың 10 тамызында жарияланған және 2016 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәміле жасалғаннан күннен кейінгі келесі күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде, жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік кірістер органдарына азаматтығы жоқ тұлғалардан, халықаралық және шетел ұйымдары, шетел мемлекеттерінен, Салық кодексінің 14-бабында айқындалған мақсаттарға бағытталған, мүлік және ақшаларды алуға жатқызылатындығы туралы деректерді міндетті толтырумен хабарлама ұсыну.
Сонымен қатар, есептік тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік кірістер органдарына аталған ақшалардың және (немесе) басқа мүліктердің жұмсалғаны туралы мәлімет жіберу қажеттілігі туралы айтты.
Сонымен қатар, жүзеге асырылып жатқан шаралар хабарламалық сипатқа ие және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттарды алу, шығындау рәсімдерінің тазалығын құруға, сонымен қатар, халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.
Ол өз сөзінде 2014 жылғы 1 шілдеден бастап мүмкіндік ерікті түрде шот-фактураларды электрондық түрде жазу туралы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) жұмыс істейтіндігін және жүйеде жұмыс істеу үшін ЭШФ АЖ тіркеу қажеттілігі туралы хабарлады.
Қосымша және түзетілген шот-фактураларды жазып беру және электронды шот-фактуралардың жалпы мәселелері бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.К.Сабралимова баяндама оқыды. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін әкелу мен олардың айналысын реттеу ерекшеліктерін айқындаған кейбір мәселелері туралы Хаттама 2016 жылғы 11 қантар айынан енгізілгендігін жеткізді.
Электронды шот-фактураларды электронды түрде жазу кезіндегі артықшылықтарын қатысушылардың назарына жеткізді. ДСҰ мөлшерлемесі бойынша Қазақстан аумағына әкелінген тауарлар, тек қана Қазақстан нарығының айналымына түсетіндігіне ерекше тоқталып өтті. Осыған байланысты, осындай тауарлар жекелеген кедендік декларациялармен рәсімделеді, ал ЭШФ кеден декларациясының нөмірі, тауардың реттік нөмірі, сонымен қатар кедендік баждың мөлшерлемесі көрсетіледі.
2016 жылғы 11 қаңтардаң бастап оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне еңгізілген тауарларды өткізу кезінде Электронды шот-фактураларды электронды түрде жазу міндеттемелер туралы хабарлады.
Сонымен қатар, жалпы салық заңнамасына енгізілетін өзерістер туралы және 08.08.2016 жылғы №432 ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген салық есептілігінің жаңа үлгісі 2017 ж. бастап енгізілетіндігі (871.00.н.- жалға алу келісім шарт реестрі) қатысушылардың назарына ұсынылды.
Әрі қарай баяндаушы өз сөзінде Электронды шот-фактураларды енгізу бойынша жиі қойылатын сұрақтарды және оларға берілетін жауаптар туралы айтып өтті.
Мәжіліс барысында семинар-кеңес қатысушыларына қызықтырған мәселелер бойынша қосымша түсіндірілді. Қатысушылар аталған бағыттар бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты.