
Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі-Әдеп кодексі) 5 тараудан турады: жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында
сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары.
Жалпы ережелердің бірінші тарауда Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанның айтылады.
Мінез-құлықтың жалпы стандарттарының екінші тарауында мемлекеттік қызметшілердің міндеттері көрсетіліп, қысқаша негізгі талаптарын көрсетейін:
- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;
- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға.
Екінші тарауда 14 тармақ айқындалған.
Үшінші тарауда мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта қандай іс-әрекеттерге жол бермейтініне көрсетілген.
Төртінші тарауда мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен, басшылар қарамағындағы қызметшілермен, төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер қарым-қатынас кезіндегі негізгі бағыттар көрсетілген.
Бесінші тарауда көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары туралы жазылған.
Әдеп кодексіне сәйкес әрбір мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкіл - Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов Рустам Рамазанович Айдарханов, телефон 8/7172/74-96-98, 8/701/558-55-53, қабылдау күндері: дүйсенбі-жұма күндері, сағат 10.00 ден 16.00-ге дейін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы - Абзал Бейсенбекұлы, телефон 8/7172/74-96-98, 8/775/828-45-01.
Мемлекеттік кірістер комитетінде Әдеп жөніндегі уәкіл, Төрағаның орынбасары - Бакытжан Оразгалиевич Слямов, телефон 8/7172/70-99-31.
Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау үшін ШҚО бойынша МКД-да үнемі түрде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті шаралар атқарылады.
ШҚО бойынша МКД-да 2023 қаңтар ақпан айларында Әдеп кодексін сақтау мен сыбайлас-жемқорлықты алдын-алу мақсатында 42 іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде (семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ шығу):
семинар-жиналыстар – 26;
сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тақырыптарды шығару – 16;
ШҚО бойынша МКД-ның аумақтық және құрылымдық бөлімшілерге қолданыстағы заңнамаларды сақтау бойынша тақырыпта 3 хат жазылды.
Әдеп кодексі мен Қазақстан Республикасының сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша аумақтық және құрылымдық бөлімшілерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тақырыпта 2 жиналыстар жүргізілді.
ШҚО бойынша МКД-ның мемлекеттік қызметшілердің (салық, кеден, экспорттық бақылау жұмысшыларына) заңсыз әрекеттерін қарастыру бойынша сенім телефоны бар: 70-10-48.
Кез келген азамат ШҚО бойынша МКД-ның мемлекеттік қызметшілердің (салық, кеден, экспорттық бақылау жұмысшыларына) жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметінің сенім телефонына хабарласуға болады: 1424.
Мемлекеттік кірістер органдарының әдеп талаптарын бұзу бойынша сұрақтар болған жағдайда Сіз ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаевқа жүгінуге құқылысыз. Ол мемлекеттік қызметшілерді және азаматтарды әр айдың ақырғы жұмасында сағат 15.00 ден 18.00-ге дейін келесі мекен-жайы бойынша қабылдауды жүргізеді: Өскемен қаласы Пермитин көшесі 27 үй, немесе жұмыс күндерінде төменгі көрсетілген телефонға звондауға болады 8/7232/24-04-12.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
басшысының орынбасары