Date of publication: 24.11.2016 11:23
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Осындай ұраңмен Семей қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қаржы – экономикалық колледждің оқушыларымен республика бойынша 2014жылы басталған мүлік пен капиталды жария ету жөніндегі кең ауқымды кампания шеңберінде флешмоб өткізді.    

Көрсетілген   үңдеу  өте  маңызды  және өзекті  болып  табылады,  өйткені,  Акцияның аяқталуына өте аз мерзім қалды.
Іс шара барысында флешмобтың қатысушылары жаднамалар,  ескертпелер және ақпараттық материалдар таратып, жария етудің тәртібі мен шарттарың түсіндірді.

Семей қ. МКБ бас маманы Ержан Амерхановтың айтуынша, мүлік пен ақшаны заңдастыру тәртібі барынша жеңілдетілген. Ақшаны қаржы ұйымының шотына аудару арқылы жария еткенде, 10%-дық алым қажет емес, алым, тек ақшаны шотқа салмай жария еткен кезде төленеді. Шет елдегі мүлікті жария еткенде 10%-дық алым жария ету субъектісі өзі анықтайтын құндық  сомадан төленеді. ҚР аумағындағы мүлік бойынша алым жоқ.

Сондай-ақ, жария етуге заңды тұлғаның жарғылық қорындағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар жатады. Барлық жағдайларда жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша декларация мемлекеттік кірістер органдарына табыс етіледі.

«Тұрғындардың назарына жария етуді жеткізуде біздермен Акцияны насихаттау бойынша  белсенді жұмыс  жүргізілуде. Өйткені, бұл қылмыстық, әкімшілік жазасыз мүлік пен капиталды «көлеңкеден» шығаруға тамаша мүмкіндік», - деп мәлім етті бөлім басшысы Алдонгаров Ерлан Берикбекович .

«Осы кампанияның арқасында Семей миллиардерлер қаласы екенін білдік. Осылайша, 25 жеке тұлға 4 млрд. 485 млн. 23мың теңгені жария етті. Сондай-ақ, 139 млн. 838 мың теңгеге табыс етілген декларация қарастырылуда. Мүлік пен капиталды жария еткен тұлғаларға мемлекет жеңілдіктер мен кепілдіктер береді, олар өз мүліктері үшін қобалжымайды және жалпыға ортақ декларациялау кезінде сұрақтар туындамайды.  Сонымен қатар, жария ету субъектілері, қызметті іске асырумен байланысты пайда алуымен қоса, еліміздің экономикалық дамып өркендеуіне қатысуда», деп атап өтті Ерлан Алдонгаров.

Акция 2016жылдың 31желтоқсанында аяқталатының ескере отырып, Семей қ. МКБ қазақстандықтарды  мүлік пен капиталды жария етуге берілген мүмкіндікті және бірегей мүмкіншілікпен пайдалаңуға шақырады.

    

    ШҚО бойынша МКД бас маманы

     Турлыбекова Асем Кадыровна