
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін адамдар мен көлік құралдарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы және Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін бақылаудағы өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ереже
Кеден бекетінің санитарлық-карантинді бақылау жұмысын мына нысанда жүзеге асырады:
Сұрастыру
Өткізу пунктіне келген экипаж мүшелерінен, көлік жүргізушілерінен және жолаушылардан олардың денсаулық жағдайы туралы сұрақ-жауап алу (анкетирование).
Экипаж мүшелерінің, көлік жүргізушілерінің, жолаушылардың дене қызуын өлшеу (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша және шағымдары бойынша)
Денсаулық жағдайына шағымдары болса, медициналық қарауды ұйымдастыру.
Көлік құралдарын санитарлық қарау, сонымен қатар жұқпалы аурулар тасымалдаушылары мен таратушыларды қарау (жәндіктер, кемірушілер, олардың болуы жайлы белгілер).
Кеден одағының кедендік шекарысы арқылы өтетін көлік құралдарын сырттай қарастыру, автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардан сұрастыру жүргізу.
Жұқпалы аурулар тасымалдаушылар, өлген немесе тірі кемірушілер болған жағдайда дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жүргізуге ұсыныс беру.
Көлік құралдарында науқас немесе ауруға күмәнді тұлғалар болғанда жағдайда, өзара әрекеттесу сызба нұсқасы бойынша санитарлы-эпидемияға қарсы іс – шаралар жүргізу.
АҚІ және карантинді жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларын, эпидемияға қарсы шараларын ұйымдастыру, жаңа ұйғарымдар, бұйрықтар, ұсыныс хаттарды енгізу сұрақтары бойынша беру-нұсқаулық көмек көрсетеді.
Бақылауға жататын тауарларға санитарлық-карантинді бақылау жүргізеді:
Өнімнің (тауардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, транспорттық (тасымалдаушылық) және коммерциялық құжаттарға сәйкестігін бақылау.
Баға беру мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық (Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден аумағында бақылауға) қадағалауға қарасты Тауарлардың бірыңғай тізімінің ІІ тармағындағы бақылауға жататын тауарларды қарау, сынама алуды ұйымдастыру.
Көліктік (тасымалдаушылық) және коммерциялық құжаттарды тексеруге қатысу (Кедендік органдардың сұрауы бойынша). Тауарлардың бірыңғай тізіміне кіретін қадағалауға жататын тауарларға баға беру мақсатында қарау, сынама алуды ұйымдастыру.