Риддер қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кезекті рет тұрғындарды заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлік пен капиталды жария ету бойынша Акциясына қатысуға шақырады.
Азаматтарды өткізіліп жатқан кампанияны пайдалануға шақыруда, екі жыл ағымында мүлік пен ақшаны жария ету тәртібі мен шарттары кеңінен бұқаралық ақпарат құралдарында, баспа басылымдарда, ақпараттық ресурстарда жарықтанды, жадынамалар таратылып, апта сайын семинарлар, «дөңгелек үстелдер», «Ашық есік күндері» және басқа да іс шаралар өткізілді. Бірақ, ақша қаражаттарың жария етуде тұрғындардың белсенділігі кампания мәресіне жетер кезде арта түсті.
Риддер қ. МКБ басшысы Бауыржан Мысаевич Бабышевтың айтуы бойынша, «көлеңкелі» айналымдағы бар мүлікті жария ету туралы ақпарат бірнеше рет, барлық мүмкін тәсілдермен тұрғындардың назарына жеткізілсе де, арыздар болмаған еді.
Содан, а.ж. қазан айында 4 тұрғын ақша қаражаттарың жария етуге декларация табыс етті. Яғни, азаматтарда заңдастырар мүліктері бар, олар тосуда болды немесе қандай да бір себептермен заңдастыруды кейіңге шегерді.
Жария ету бойынша Акция аяқталуға жақындап қалғаның ескере отырып, Риддер қ. МКБ «Томирис» би тобымен, қазақстандықтарға осы Акция шеңберінде мүлікті заңдастыру бойынша шешімді жедел қабылдау қажеттігін естеріне салып, қараша айында мүлік пен ақшаны заңдастыру бойынша флешмоб өткізді. Өйткені, жария ету 2016ж. 31 желтоқсанында аяқталады
«Осылайша, бірегей мүмкіндікті пайдалануға тұрғындардың назарын аударғымыз келді. Неге десеңіз, берілген мүмкіншілікті дереу қолдануға көрсеткіштер болып табылатын оң жақтары өте көп, атап айтқанда: банктік шотқа ақшаны аударып алымның төлеуінсіз жария ету, ары қарай өз қалауынша жұмсау; шет елдегі мүлікті құңдық бағасын жария ету субъектісі өзі анықтап, содан 10%-дық алым төлеу арқылы жария ету; басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті өзіне қайтару. Сонымен қатар, сіз Заңмен қорғаласыз, бірқатар кепілдіктер беріледі, барлық мәліметтер құпия болып табылады, қылмыстық, әкімшілік жазадан босатыласыз, салықтық жүктеме жоқ және келешекте, фискалды органдар тарапынан сұрақтар туындамайды. Заң сізді қолдап тұрғанда, ертеңгі күнді бүгін ойлаңыз. Сіздің тыныштығыңызбен мүлік пен капиталыңыздың сақталуы өз қолыңызда. Мүлікті заңдастыру үшін бірнеше инстанцияларға жүгініп, қаншама көп кұжаттарды толтырып өз уақытыңызды кетірмейсіз, бұл өте тез және қолжетімді тәсіл», - деп атап өтті Бауыржан Мысаевич
Сондай-ақ, Риддер к. МКБ ақпараты бойынша а.ж. 21 қарашасындағы қалыпқа 7 жария ету субъектісімен 289 млн. 665 мың теңге басқармаға декларация табыс ету арқылы заңдастырылды.
Жергілікті орындаушы орган тарапынан 162 арыз түсті, талаптарға сәйкес келмегендіктен 9 арыз қайтарылды, құндық бағасы 243 млн. 394 мың теңге құрайтын 152 объект заңдастырлды.
ШҚО бойынша МКД бас маманы
Турлыбекова Асем Кадыровна