Date of publication: 27.01.2023 19:04
Date of changing: 27.01.2023 19:05

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге соттан тыс банкроттық рәсімін келесі шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары пайдалана алатыны жайлы хабарлайды:

- борышы 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспауы қажет;

- 12 ай ішінде төлемі болмаған кезде;

- тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмауы тиіс;
 банкпен реттеу жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 6 ай ішінде және берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген.
Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

 

                                   Түсіндіру жұмысы басқармасы