Date of publication: 25.01.2023 13:54
Date of changing: 25.01.2023 13:55

Жеке тұлғаларға салық органдары жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салық бойынша салық міндеттемелерінің салық органдары есептеген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің сомасы туралы мәліметтерді:

1) салық органдарының интернет-ресурстарындағы сайттары (e-salykAzamat, Egov, Kgd.gov.kz) мен банктің қосымшалары (Kaspibank, HomeBank және т.б.) арқылы орналастыру;

2) коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есеп айырысуы үшін қолданылатын құжаттардағы нұсқаулары;

3) салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайларына жолдамалар;

4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефон нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу;

5) салықтық мобильді қосымша жолдамалары арқылы ұсынады.

Осы қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық пошта мекенжайларын, ұялы телефон нөмірлерін жазбаша нысанда жолдайды.

Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) ШҚО бойынша МКД сайтында "сұрақ-жауап" сервисі (vko.kgd.gov.kz), МО ИРБП, Инстаграм порталындағы сұрақ-жауап сервисі (taplink.cc/dgd.vko) арқылы тегін негізде ақпарат алуға көмек көрсетеді.

Салық, кеден заңнамасын түсіндіруді 1414 (3) байланыс орталығы арқылы, ШҚО бойынша МКД сайтында "сұрақ-жауап" сервисі (vko.kgd.gov.kz), МО ИРБП порталы, @Salyqbot, Instagram (taplink.cc/dgd.vko) арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардан алынатын жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық мәселелері бойынша WhatsApp мессенджерінің 87016027344 нөміріне жүгінуге болады.          

Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық нысанда салық есептілігін ұсыну сервистері "Salyq.kz", СЕӨЖ және Е-salykAzamat (240.00, 250.00, 270.00, 700.00 нысандары бойынша салық есептілігі).