Date of publication: 24.01.2023 15:00
Date of changing: 24.01.2023 15:01

2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің электронды актілері бойынша өзгерістер енгізілген.

Салық кодексінің 190, 193 және 202-баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жазылған Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері салықтық есепте есепке алу құжаты болып танылады.

2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерінің электронды нұсқасы енгізілген.

Бұл өзгерістер салықтық есепте осындай электронды актілерді есепке алу құжаттамасы ретінде тану үшін енгізілді.