Date of publication: 20.01.2023 14:03
Date of changing: 20.01.2023 14:04

-Арнайы мобильді қосымшаны пайдаланаотырып, арнайы салық режимін қолданған кезде тіркеу есебінен шығарылған күні бойынша

Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағына салық төлеуші қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан кезде (қызметін тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда), оған жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептелген, соңғы ай өткен күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылатынын көздейтін Салық кодексінің 67-бабының 6-тармағына толықтырулар енгізілді.

 

- Салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша

Салық кодексінің 51 бабында:

5-тармақтың 1-бөлігі салықтарды және (немесе)төлемдерді төлеу бойынша бөліп төлеутуралы шешімге салық міндеттемесін орындау кестесін қосаберуді көздейтін екінші ұсыныспен толықтырылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады);

Салық төлеушінің дәлелді өтінішін егізінде салық міндеттемесін орындау кестесін қайта қарауды, сондай-ақ кестені қайтақарау бірретте нартық емес жүзеге асырылуы мүмкін екенін белгілеуді көздейтін 7-тармақпен толықтырылды;

Онда мемлекеттік кірістер органдары шектеулер қойған мүлікті кейінге қалдыру, бөліп төлеу үшін кепіл нысанасы бола алады деп көзделетін Салық кодексінің 52-бабы 2) тармақша сының бесінші абзацы жаңа редакция да жазылды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады);

Салық кодексінің 54-бабының 2-тармағы салықтардың және (немесе) төлем ақылардың сомаларын төлеу жөніндегі кестеде белгіленген салық міндеттемесін орындау кезінде бұзылған деп тану үшін мерзімді 5 жұмыс күніне дейін ұлғайтуды көздейтін 5) тармақшамен толықтырылды;

Салық кодексінің 55-бабының 1-тармағы Салық кодексінің 54-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда кейінге қалдыру немесе бөліптөлеу қолданысы тоқтатылған кезде мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің кепілге алынған мүлкінен және (немесе) үшінші тұлғадан не банктен өндіріп алуды көздейтін кепілдікті орындауды талап ететін жаңа редакцияда жазылды.

 

                                     Түсіндіру жұмысы басқармасы