2016 жылы 15 қарашада ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кезекті Консультативтік кеңестің отырысы өтті.
Консультативтік кеңес отырысын Департамент басшысының орынбасары Еркебұлан Сагитов ашты, ол өзінің баяндамасында қорытынды Консультативтік кеңестің отырысы Ұлттық валюта күні мерекесі, Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңына тура келіп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол қатысушылардың назарын 2016 жылдың ерекше жыл, әрбір қазақстандық үшін өмірінің маңызды бір кезеңі екендігіне аударды. «Біздер, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуын салтанатты түрде мерекеленуінің куәгерлері боламыз»,- деп баса айтты.
Оның басты мақсаты - одан әрі мемлекеттігімізді нығайту, халық бірлігі мен барлық қазақстандықтардың «Мәңгілік Ел» болу үшін нығайту болып табылады. Сондықтан, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлттық жоспары шеңберінде заңнамалық бастамасының 8 қадамы салық және кеден саясаты мен рәсімдерін оңтайландыруға арналғаны бекерден бекер емес.
Сондай-ақ, ол 2016 жылғы 10 ай ішінде Департменттің жеткен жетістіктерін мемлекеттік бюджетті орындау бойынша түсім жоспары 106,4%-ға, республикалық бюджетті орындау 104,4%-ға, жергілікті бюджет болжамы 110,7%-ға орындалғанына тоқталды.
Одан әрі «Салық саясатының өзекті сұрақтары бойынша сараптамалық ұсыныстар және заңнамалық бастамасы – аумақтың шағын және орта бизнес кәсіпорындарына көмектесу құралы ретінде» тақырыбына ШҚО бойынша «ҚР салықтық кеңесшілері палатасы» өкілдігінің директоры И.А. Затонова сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда мемлекет бизнес бастау үшін барлық жаңдайларды жасап отырғандығын атап өтті. Шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасының негізі болып табылатындығын, мемлекет саясатының басым міндеттерінің бірі екендігіне тоқталды.
«Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Ол жыл сайын облыс, республика деңгейінде барлық мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен «Үздік салық төлеуші» атағына 24 үміткер және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға» 14 үміткер ұсынылды. Олардың ішінен «Үздік салық төлеуші» болып Семей қаласы «ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» болып «АES Өскемен ЖЭО» ЖШС танылды.
Өткен отырысты қорытындылай отырып, Департамент басшылығы қатысушыларға алғысын білдірді және одан әрі табысты жұмыс тіледі.