
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы келесіні хабарлайды:
- Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталға
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу бойынша
«Электрондық шот-фактуралардың жазылуын шектеу» пилоттық жобасын заңнамалық бекітуді, тәуекел дәрежесі бойынша камералдық бақылаудың бұзылуын градациялауды және камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша хабарламаны орындау тәртібін қайта қарауды көздейтін, Салық кодексінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
- тәуекел деңгейі жоғары бұзушылықтар бойынша – камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
- бұл ретте тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарға тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жатады;
-тәуекел деңгейі орташа бұзушылықтар бойынша – камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
- камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын стандартты хабарламалар;
-тәуекел деңгейі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын және олардың тәуекел дәрежесін қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама рәсімделеді.
- Мүліктік кірістер бойынша бұл тұрақ орындарын сату кезінде
мүліктік табыс меншік құқығы пайда болған сәттен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған кезде пайда болуды көздейтін Салық кодексінің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына өзгерістер енгізілді,
Салық кодексінің 331-бабының 1-тармағы ерлі-зайыптылардың біреуінің жылжымайтын мүлікке (тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, ЖТҚ объектілері, ЖТҚ-ға арналған жер учаскелері, саяжайлар, ЖТҚ, гараждар) құқықтарын мұрагерлікке алу кезінде құнның өсуін айқындау мақсатында меншік құқығында болу ерлі зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалуйн көздейтін екінші бөлікпен толықтырылды, жеке тұрғын үйден бұрын қайта жаңартылған ғимаратты ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын ғимараттың бір бөлігін сату кезінде құн өсімінен түсетін табысты айқындау кезінде бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында Салық кодексінің 331-бабы 7-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне өзгерістер енгізілді .
Салық кодексінің 331-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді өткізу кезінде сатып алу бағасын (құнын) айқындау мақсатында ҚҚС және акциздің сомаларын ғана емес, сондай-ақ сатып алу үшін кедендік және кәдеге жарату төлемдерін және Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын елден әкелінген автокөлік құралдарын ресімдеу үшін салық төлеуші ҚҚС пен акциздерді төлеуден басқа, кедендік және кәдеге жарату төлемдерін төлеу бойынша шығыстарды ескеруді көздейтін толықтыру енгізілді .
Түсіндіру жұмысы басқармасы