
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын салық төлеушілерге, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілерге 2022 жылғы 31 желтоқсанда бұрын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылған табыс салығын төлеуден босату мерзімі аяқталатынын еске салады.
Патент негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін орналасқан жері бойынша салық органына 911.00 нысаны бойынша патент құнының есебін ұсынуы қажет. Патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп ұсынылғанға дейін жүргізеді.
Патент алу үшін ЖК патент құнының есебінде 1% мөлшерінде жеке табыс салығының (ЖТС) сомасын есептейтін болжамды кіріс сомасын көрсетеді, 1 ЕТЖ-ден кем емес және 50 ЕТЖ-ден аспайтын табыстың 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), 1 ЕТЖ-ден кем емес және 7 ЕТЖ-ден аспайтын табыстың 3,5% мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік аударымдар (ӘА), 1 ЕТЖ-дан *1,4*5% (2023 жылға - 4900 теңге, ЕТЖ – 70000 теңге) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын (МӘМСЖ) есептеуді жүргізеді.
Патент бойынша ЖК - нің бір жылдағы шекті табысы 2023 жылға 3 528 АЕК-тен - 12 171 600 теңгеден (01.01.2023 жылға АЕК -3450 теңгеден) аспауға тиіс. Патент құнының есебі қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда салық төлеушінің кабинеті https://cabinet.salyk.kz немесе СЕӨЖ (салық есептілігін өңдеу жүйесі) арқылы, оның ішінде egov.kz. порталдағы электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынылады.