Date of publication: 21.12.2022 18:28
Date of changing: 21.12.2022 18:28

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар 2022 жылы көлік құралдары салығын тұрғылықты жері бойынша 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу (АЕК-3063 теңге) керек екендігін еске салады.

Көлік құралдарына салынатын салық ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталы «Электронды сервистер» бөлімінде, E-SalyqAzamat мобильді қосымшада (AppStore және PlayMarket жүктеу) және SalyqBot Телеграмм чатында орналастырылған «Калькулятор» сервисін пайдалана отырып дербес есептеуге болады.

Көлік салығының деректемелері:

БСК коды- 104402

КТС коды-911