
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 09 желтоқсанынан бастап «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 690 бұйрығына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.