
2022 жылғы 8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жас ұрпақ - Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.
«Ашық есік күнін» департамент басшысының орынбасары Ерік Татубаев ашты.
Басшының орынбасары өз сөзінде іс-шараның мақсаты жастар арасында салық, кедендік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру, теориялық білімді тәжірибеде қолдану болып табылатынын атап өтті.
2022 жылдың оқу жылынан бастап департаменттің Түсіндіру жұмысы басқармасының қызметкерлері жасалған меморандумдар шеңберінде кеден және салық заңнамасы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Кеден ісі», «Қаржылар», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттеріне дәрістер өткізіліп жатыр.
«Ашық есік күні» аясында студенттерге оқу курсынан өту кезінде алған білімдерін бекіту мүмкіндіктері берілді, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметімен танысып, жедел басқармалардың функциялары туралы көптеген пайдалы ақпаратты алды.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі, негізгі міндеттері мен функциялары, ҚР ҚМ МКК цифрлық жаңалықтары туралы студенттерге Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова егжей-тегжейлі айтып берді.
Бұдан әрі Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Гүлжан Салимбаева іс-шараның жас қатысушыларын ШҚО бойынша МКД көрсетілетін мемлекеттік қызметтерімен таныстырды. «Камералдық бақылау» тақырыбында Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова сөз сөйледі.
Департаменттің кеден бағытының қызметі туралы «Өскемен КРО» кеден бекетінің бас маманы Рузанна Ибышева баяндады.
Студенттердің мемлекеттік кірістер органдарының құрылымы, студенттерді мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері туралы сұрақтарына Адам ресурстары басқармасының басшысы Зульфира Нығмеджанова айтып өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, департамент басшысының орынбасары жас мамандардың кәсіби болашағын құруға көмектескені үшін оқытушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Ерік Татубаев жас ұрпаққа үндеу жолдады:
«- Құрметті студенттер, сіздерді мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қатарында көруге қуаныштымыз! Біз сіздерді ел мүддесі үшін жұмыс істейтін өз ісінің мамандары ретінде көргіміз келеді! Жас мамандар үшін біздің есігіміз әрқашан ашық!».
Сондай - ақ, басшының орынбасары Ерік Татубаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексін және лауазымды тұлғалар күнделікті жұмысында қолданатын басқа да нормативтік – құқықтық актілерді сақтау бойынша Департаменттің қабылдаған шараларын айтты.
Өз кезегінде ҚАЕУ оқытушысы Юлия Владимировна Трофимова департамент өкілдеріне студенттердің білімін іс жүзінде арттыруға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.
Ашық есік күні соңында студенттерге ШҚО бойынша МКД мұражайы бойынша экскурсия өткізіліп, ҚР ҚМ МКК цифрлық жаңалықтары бар буклеттер табыс етілді.