Date of publication: 10.11.2016 11:03
Date of changing: 21.10.2019 15:36

 2016 жылдың 03 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (әрі қарай-Департамент)  2016 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына басшылық, Департаменттің басқарма басшылары және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты, сонымен қатар, «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал» акциясының ұтыс ойынына қатысқан 1 кезең қатысушылары шақырылды.

Департаменттің басшысы Айнабеков Бауыржан Казбекович «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасы бойынша 2016 жылдың 1 қазанынан басталған «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал» акциясының ұтыс ойынының 1 кезеңін қорытындылай келе кеңесті ашты. Бауыржан Казбекович өз сөзінде аталған акцияның маңыздылығы мен мақсатына назар аударды және оның финалы ағымдағы жылдың  соңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде өтетіндігін, ұтыс ойынының басты жүлдесі - «Автокөлік» екендігін айтып өтті.

Кеңеске шақырылған акцияның 1 кезеңінің жеңімпаздарына (ойынға қатысқан 1106 адамның ішінен) Департамент басшысының атынан Құрмет грамоталары мен құнды сыйлықтар табысталды.

 

Құттықтау бөлімі аяқталғаннан кейін, регламентке сай, Департамент басшысы Б.К.Айнабековтың қысқаша сөз сөйлеуімен «Департамент қызметінің 2016 жылғы 9 айының негізгі қорытындылары туралы» және баяндаушылардың баяндамаларымен Кеңес жұмысы одан әрі жалғасты.

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет бойынша құзыреттілігіндегі түсім бойынша жоспар 105,7% орындалды, өсу қарқыны 168,3% құрайды. Республикалық бюджет бойынша құзыреттілігінде 101,3%  орындалды немесе 1 670,5 млн.теңге көлемінде артығырақ түсті, өсу қарқыны 215,7%.   

Жергілікті бюджетке болжамның орындалу құзыреттілігінде 116,1%  немесе 8 877,0 млн.теңге көлемінде артығырақ түсті. Өсу қарқыны - 116,2% немесе өсу 8 900,0 млн.теңге.

Кеңес барысында регламентке сәйкес жекелеген аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.

Соңында Департамент басшысы Айнабеков Бауыржан Казбекович Кеңестің қорытындысын шығарды және Департамент басқармалары басшылары мен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларына 2016 жылы бюджеттің барлық деңгейлері бойынша түсім жоспарын орындау,  01.01.2016жылы және т.б. деректерінен 10 % берешекті төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

 

 

Департаменттің

ұйымдастыру-қаржы

басқармасы