Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 573 қаулысымен мынадай өзгеріс енгізілгендігін хабарлайды:
1. 20 (жиырма) фильтрлі сигареттерге ең төменгі бағалар белгіленсін:
1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.
2016 жылғы 18 қазаннан бастап қаулы қолданысқа енгізілдi.