Date of publication: 01.12.2022 15:10
Date of changing: 01.12.2022 15:12

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің (бұдан әрі-Салық кодексі) 207-бабының 3-тармағына сәйкес  «Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін» (871.00 СЕН) сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын уақытша иеленуге және пайдалануға беретін тұлғалар жасайды және салық төлеушінің тұрған  жері бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық органына ұсынылады.

Осылайша, 871.00 нысаны жылына бір рет тапсырылады.

Салық кодексіне сәйкес салық есептілігін жасау тәртібі айқындалған «Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 90-қосымша)» салық есептілігін жасау қағидалары әзірленді және бекітілді.

Тізілім- тізілімнің өзінен (871.00 нысан) және оған қосымшадан (871.01 нысан) тұрады.

871.00 негізгі нысанында салық төлеуші – объектілерді жалға беретін заңды немесе жеке тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, нысанда сауда объектілері (сауда базарлары) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған бөлім бар, онда олардың саны, жалға алушылардың саны, жалдау шарттарында белгіленген және нақты төленген жалдау ақысының сомасы көрсетіледі.

871.01 тізілімінде сауда объектілері туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат көрсетіледі: сауда желілерінің, сауда объектісінің атауы, объектінің санаты (стационарлық немесе стационарлық емес), жалпы және сауда алаңдарының шамасы, сауда орындарының саны, жалға алушылар туралы ақпарат, жалдау шарттары бойынша мәліметтер және т. б.

Сондай-ақ, 871.00 нысаны бойынша үлгісі мен толтыру ережелері орналастырылған ҚР ҚМ МКК  (https://kgd.gov.kz) сайтында толығырақ танысуға болатынын хабарлаймыз.