2016 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында өткен «Экономикалық қылмыстар бойынша сот-тергеу тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты аймақтық семинарға қатысты.
Аталған іс шараға Жоғары соттың, Алматы қаласының және Жамбыл облысының судьялары, Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Мемлекеттік кірістер департаментінің, Салық консультанттарының тәуелсіз палатасының, Алматы қаласы кәсіпкерлерінің палатасының өкілдері және тағы басқалар қатысты.
Қазақстан Республикасы Жоғары сотының судьясы Р.Қожабаев «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы №1 және «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы №2 нормативтік қаулылардың ережелеріне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс шараға қатысушылар экономикалық қылмыстар бойынша сот-тергеу тәжірибесінде туындаған мәселелерді, жалған кәсіпкерлік туралы қылмыстық істер бойынша тергеу тәжірибесі бойынша мәселелерді талқылады.
Экономикалық тергеу қызметінің басшысы - ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Б.Камалханұлы өз баяндамасында мемлекеттік кірістер органдарының алдында жалған кәсіпкерлікке қарсы тұру бойынша туындаған өзекті мәселелерді атай отырып, оларды нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгізу арқылы заңнамалық деңгейде шешу қажет екенін атап өтті.
Семинардың соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша пікірталастың нәтижесі бойынша практикалық ұсыныстар қабылдады.
ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметі