Қазақстан Республикасының аумағында 01.10.2016 жылдан бастап жалпы республикалық «Түбіртекті талап ет- жүлдені ұтып ал» акциясы басталды.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен акция аясында БАҚ тартумен кең ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен қатар, әлеуметтік желілерде брифингілер жүргізілді, жергілікті телеарналарда жүгіртпе жолдар орналастырылып, жаңалықтарда материалдар, мақалалар мен сұхбаттар, әлеуметтік желілерде посттар, инфографикалар орналастырылды.
Сонымен бірге, оқытушылар, студенттердің және т.б. қатысуымен облыстың оқу орындарында жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семей қаласы, Медициналық академия студенттерімен кездесу
.