Date of publication: 11.11.2022 16:02
Date of changing: 11.11.2022 16:03

Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тауарларды әкету кезінде, егер декларантта тауарларға арналған декларацияны беру сәтінде мұндай декларацияда декларацияау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаса, толық емес кедендік декларацияны жасауға болады, бұл ереженің ерекшелігі  ЕАЭО Кеден кодексінің 115-бабымен реттеледі.

Бұл ретте көрсетілмейтін мынадай мәліметтерді қоспағанда, тауарларға арналған декларацияда көрсетілуге барлық мәліметтер декларациялануға тиіс:

1) тауарды алушы туралы;

2) тауардың межелі елі және (немесе) сауда елі туралы;

3) декларацияланатын жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралы бойынша;

4) тауардың қаптамасында (саны, түрі, таңбалауы және сериялық нөмірлері).

Кедендік декларациясы толық емес нысанда жүзеге асырылған тауарлар шығарылғаннан кейін декларант кемінде сегіз күннен кешіктірмей тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы кеден органына жетіспейтін 

 Толық емес нысанда кедендік декларациялау жүргізілген тауарлар шығарылғаннан кейін, декларант тауарлар шығарылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы кеден органынан жетіспейтін мәліметтерді беруге міндетті. Бұл ретте Еуразиялық экнонмикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында жоғарыда көрсетілгеннен аз мерзім белгіленуі, сондай-ақ декларацияның осы түріне жатпайтын тауарлардың санаттары белгіленуі мүмкін.  

 

 

«Бахты» к/б бас маманы

 С.М. Нурабаев