
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан-Американдық еркін университеті сияқты өңірдің жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестік туралы жасалған Меморандум шеңберінде студенттерге дәрістер өткізуде.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ұлттың үміті. Білімді және білікті жастар – еліміздің жарқын болашағының кепілі.
Кез - келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, білім сапасымен өлшенеді. Меморандумның мақсаты студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салық және кеден саласында болашақ жас мамандарды даярлау сапасын арттыру болып табылады.
2022 оқу жылының басынан бастап Департаменттің Түсіндіру жұмыстары басқармасының қызметкерлері «Кеден ісі» және «Қаржы» мамандықтарының 4 - курс, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алатын 3 - курс студенттеріне кеден және салық заңнамасы бойынша дәрістер өткізіп келеді.
Сонымен қатар, студенттер үшін Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін, акцияларын танымал ету мақсатында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізіледі.
Барлық іс-шаралар оқу барысының соңына дейін жалғасады.