Date of publication: 28.10.2016 11:58
Date of changing: 21.10.2019 15:36

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп 2016 жылдың 19 қазан айында салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қатысуымен  «Электронды-шот фактураларды жазу бойынша жалпы мәселелер» тақырыбына семинар – кеңесті  Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өткізді.

Семинарды Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасарының м.а. Куркумбаев С.М. ашты. Ол өз сөзінде 2014 жылғы 1 шілдеден бастап мүмкіндік ерікті түрде шот-фактураларды электрондық түрде жазу туралы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) жұмыс істейтіндігін және жүйеде жұмыс істеу үшін ЭШФ АЖ тіркеу қажеттілігі туралы хабарлады.

Қосымша және түзетілген шот-фактураларды жазып беру және  электронды шот-фактуралардың жалпы мәселелері бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.К.Сабралимова сөз сөйледі.     

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін әкелу мен олардың айналысын реттеу ерекшеліктерін айқындаған кейбір мәселелері туралы Хаттама 2016 жылғы 11 қантар айынан еңгізілгенін жеткізді.

Электронды шот-фактураларды электронды түрде жазу кезіндегі артықшылықтарын  қатысушылардың назарына жеткізді. ДСҰ мөлшерлемесі бойынша Қазақстан аумағына әкелінген тауарлар, тек қана Қазақстан нарығының айналымына түсетіндігіне ерекше тоқталып өтті. Осыған байланысты, осындай тауарлар жекелеген кедендік декларациялармен рәсімделеді, ал ЭШФ кеден декларациясының нөмірі, тауардың реттік нөмірі, сонымен қатар кедендік баждың мөлшерлемесі көрсетіледі.

2016 жылғы 11 қаңтардаң бастап оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне еңгізілген тауарларды өткізу кезінде Электронды шот-фактураларды электронды түрде жазу  міндеттемелер туралы хабарлады.        

Әрі қарай баяндаушы өз сөзінде Электронды шот-фактураларды енгізу бойынша жиі қойылатын сұрақтарды және оларға берілетін жауаптар туралы айтып өтті.                

Мәжіліс барысында семинар-кеңес қатысушыларына қызықтырған мәселелер бойынша қосымша түсіндірілді.                 

Қатысушылар аталған бағыттар бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты.