- Еліміздің қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолға алуымен еліміз бойынша «Түбіртекті (чек) талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы 2015жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасы аралығында өткізіледі. Ел көлемінде өтетін бұл акцияның тиімділігі зор. Бұл біріншіден тұтынушының құқығын қорғауға, тұтынушылар арасында салықтық білімді және мәдениетті, патриотизмді арттыруға бағытталса, екіншіден экономиканың өсуіне, салықтық түсімдердің артуына мүмкіндік береді, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың жолын кесу мақсатында қолға алынуда. Сонымен қатар, азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу, яғни, түбіртектің тауарды қайтаруға кепіл болуы және кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекеге ынталандыру.
- Акцияға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алғанын дәлелдеген Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады. Мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері мен заңды және жеке тұлға – кәсіпкерлер өздерінің атына тіркелген бақылау-кассалық машинаның түбіртектері бойынша акцияға қатыса алмайды. Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды. Бұл ретте бақылау-кассалық машинасының 10 түбіртегіне бір ұтыс купоны беріледі.
2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасы аралығында Акцияны өткізу кезеңінде, қатысушылар ойын купонын толтырады. Купонның акция шарты туралы ақпараты және сәйкестендіру нөмірі бар бірінші бөлігі ойынға қатысушының өзінде қалады, екінші бөлігі қатысушының жеке мәліметтері толтырылып, арнайы жинақтаушы-жәшікке салынады.
Акция үш кезең бойынша өтеді:
- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда, сондай-ақ аудандар бойынша аумақтық бөлінулері жоқ қалалар.
- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;
- үшінші кезең республикалық деңгейде. Әр кезең ақпараттандырылып отырады.
Акция жеңімпаздары купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталып, бағалы жүлделер ойнатылады.
Бағалы жүлделерді ойнату Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінде – ай сайын, Мемлекеттік кірістер комитетінде – 2015 жылдың 9 желтоқсанында жүргізіледі. Департаменттерде өткізілген, бағалы жүлденің ұтыс купонын ұтып алған соңғы иегер, Комитеттің орталық аппаратында ойналатын бас жүлдеге үміткер болады. Бас жүлдені ойнату ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәжіліс залында өтеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10. Ұтыс ойнауға - акцияның екінші және үшінші кезеңінің жеңімпаздарының ұтқан купондары жіберіледі. Комитет акция жеңімпаздарын хабардар етуді және жеңімпаздың тұрғылықты мекен-жайына сыйлығын жеткізуді өз міндетіне алады.
Шараға ат салысыңыз! Бұл – сіздің құқығыңызбен қоса, еліміздің экономикасына қосқан үлесіңіз болып табылады.
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ойын купонын айырбастау пунктері:
1) Өскемен қ., Қабанбай батыр к., 144, «Ануара» СҮ, Максим Горький к., 71, «ЦУМ» СҮ, және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мекемесінде, Тәуелсіздік д., 86;
2) Семей қаласы бойынша, Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынын мекемесінде, Абай д.,3, «Ақшың» СҮ, Заседко, 65, «Мереке» СҮ, Әуэзов к., 42б;
3) Абай ауданы бойынша, Қара-ауыл ауылы, Абай к., 45, «Жақия қажы» дүкенінде;
4) Аягөз ауданы бойынша, Аягөз қаласы, Абай желекжолы, 31а, «Бәйтерек» СҮ;
5) Бесқарағай ауданы бойынша, Бесқарагай ауылы, Тәуелсіздік к., 25, «Радуга» дүкенінде;
6) Бородулиха ауданы бойынша, Бородулиха а., Федор Середин к., 1а, «Мир продуктов» дүкенінде ;
7) Глубокий ауданы бойынша, Глубокий а.,, Пирогов к., 15 ү., «ЭЛЕГАНТ» СҮ;
8) Жарма ауданы бойынша, Қалбатау а., Достық к., 103, «Айсұлу» СҮ;
9) Зайсан ауданы бойынша, Зайсан к., Кондюрина к., 19, «Жібек Жолы» СҮ;
10) Зырян ауданы бойынша, Зырян қ., Советская к., 26 «Восток» дүкенінде;
11) Катон-Қарағай ауданы бойынша, Үлкен Нарын а., Абылайхан к., 100/1, «Алеем Маркет» дүкенінде;
12) Көкпекті ауданы бойынша, Көкпекті а., Шериаздана к., 61, Көкпекті ауыл әкімшілігінде, Самар ауылы, Горький к., 58, Самар ауыл әкімшілігінде ;
13) Курчатов қ., Абай к., 29, орталық базар;
14) Күршім ауданы бойынша, Күршім а., Бауыржан- Момыш ұлы к., 32, «ЦУМ» СҮ;
15) Тарбағатай аудыны бойынша, Ақсуат а., Байыс баба к., «Ақниет» дүкенінде;
16) Ұлан ауданы бойынша, Қасым Қайсенов а., 11 ү., «Гастроном» дүкенінде;
17) Үржар ауданы бойынша, Үржар а., Абылайхан к., 147, «Артур» СҮ;
18) Шемонаиха ауданы бойынша, Шемонаиха қ., Чапаев к., 47, «Ё-Маркет» дүкенінде;
19) Риддер қаласы бойынша, Тәуелсіздік д., 15а, «Континенталь» СҮ.