Date of publication: 26.08.2022 16:41
Date of changing: 26.08.2022 16:42

Барлығымызға белгілі, тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге төленген сомаға БКМ чегі немесе тауар чегі беріледі.

Онлайн-БКМ чегінде болатын жалпы ақпараттың тізбесінен басқа, атап айтқанда:

  1. СТ атауы;
  2. ЖСН;
  3. БКМ зауыттық нөмірі
  4. мемлекеттік кірістер органында БКМ тіркеу нөмірі;
  5. чектің реттік нөмірі,
  6. сатып алған тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтің күні және уақыты;
  7. тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;
  8. фискалдық белгісі мен салық заңнамасымен көзделген басқа да талаптар.

Сонымен бірге сатып алушы (клиент) сатушыдан корпоративті табыс салығы бойынша шегерімдерді пайдалану үшін осындай чектерді әрі қарай пайдалану үшін БКМ чегінде өз ЖСН көрсетуді талап етуге құқылы.

Сатушы сатып  алушыдан оған чекті ұсыну кезінде ЖСН талап етуге құқысы жоқ.

Модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілерге сатып алушының ЖСН енгізу функциясын қоса отырып, БКМ қайта бағдарламалау қажет.

БКМ бақылау чегінде жоғарыда көрсетілген бір немесе бірнеше реквизиттердің көрсетілмегендігі үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз.

Бұл ретте БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН көрсетілмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделмеген.