Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Майқапшағай» кеден бекетінде 2016 жылдың 14 маусым айында кеден бекеті қызметкерлерімен Үрімші (ҚХР) - Семей (ҚР) бағытындағы жолаушылар автобусының жүргізушісі ҚХР азаматы Ма Жие ұсталды.
Кедендік тексеру(тексеріп-қарау) кезінде, автобуста арнайы жасалынған жасырын орында кедендік бақылаудан жасырылған тауарлар, автобөлшектер және әшекей бұйымдар табылды. Ресімделмеген тауар құны 1 027 226 теңгені құрады.
Тәуелсіз сараптама жүргізілгеннен кейін, қорытындыға сәйкес «Ютонг» маркалы автобусының нарықтағы құны 20 000 000 теңгені құрайтындығы және құрылымы зауыттық механикалық емес өзгерістерге ұшырағандығы анықталды, автобус тәркіленгеннен кейін мемлекет кірісіне түседі.
Осыдан кейін «Майқапшағай» кеден бекеті қызметкерлерімен ҚР ӘҚБ кодексінің №549-бабы бойынша(Кеден Одағы шекарасынан өткенде кедендік бақылаудан тауар жасыру) әкімшілік іс қозғалып, Зайсан аудандық сотына қарау үшін жолданды.
Нәтижесінде 2016 жылдың 15 қыркүйегінде Зайсан аудандық сотының қаулысы бойыншағ тауарларды және көлік құралы-«Ютонг» маркалы автобусы тәркіленіп, ҚХР азаматы Ма Жиеге 25 айлық есептік көрсеткіш -53025 теңгеге айыппұл салынды.