Date of publication: 12.08.2022 17:55
Date of changing: 12.08.2022 17:56

ЕАЭО кедендік аумағына контрафактілік өнімдерін болдыртпау, кеден органдары қызметімен  тікелей байланысты болғандықтан, зияткерлік меншікті қорғау орбитасына қатысатын мемлекеттік органдардың қатарында кеден органдары  маңызды орын алады.

Жалған тауарлардың әлемдік нарығы үнемі кеңейіп келе жатқаны жасырын емес. Адал емес өндірушілер мен жеткізушілер нарықты жалған тауарлармен толтыруға белсенді тырысуда.

Контрафактілік өнімдердің кейбір түрлері серіктес мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық қатынастарды құрудағы ресми мүдделер мен Қазақстанның имиджін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне қауіпті болуы мүмкін.

Осыған байланысты, Қазақстан нарығына контрафактілік өнімдердің енуіне жол бермеу, Шығыс Қазақстан облысы кеден бекеттерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Сонымен, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ШҚО бойынша МКД кеден бекеттерінің лауазымдарының қызметкерлерімен кедендік бақылау жүргізу кезінде 14 тауар декларациялары бойынша зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауарлар анықталды. Осыдан кейін, тауарлардың шығарылуы тоқтатылды, ал құқық иесінің өкіліне  шығаруды тоқтата тұру туралы хабарлама жіберілді.

8 тауар декларациялары (11 сату маркасы) бойынша, құқық иесінің өкілінің рұқсатымен тауарлар шығарылымы қайта жанданды.

Қалған тауарлар бойынша құқық иесінің өкілінен тауарлық белгілер мен зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында, тауар белгілерін заңсыз пайдалануға, тауарлық белгі иесінің айрықша құқығын бұзу туралы өтініш алғаннан кейін, келесі шаралар қабылданды:

- 6 тауар декларациялары бойынша - Hyundai, Toyota, Nissan, Avtovaz, Samsung, Prada, KIA, KIA, HI-Q, HI-Q, SKF, JTEKT (19 тауар атаулары) 10 сауда маркалары анықталды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 158-бабы бойынша 6 әкімшілік материалдар жасалынды (біреудің ЗМО белгісін заңсыз пайдалану). Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының № 2 сотымен 367 560 теңге көлемінде айыппұл салынды, кейіннен жойылу үшін тауарлар тәркіленді.

- 1 тауар декларациясы бойынша («Hyundai» сауда белгісіндегі тауар - ауа сүзгілері), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222-бабында көзделген «Тауар белгісін заңсыз пайдалану» негіздер бойынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Құқық иесіне келтірілген залал 7560 000 теңгені құрады. Қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222-бабына сәйкес тауар белгісін заңсыз пайдалану, келтірілген залал 2000 АЕК-тен асатын жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке көзделгендігін

 

 

ШКО бойынша МКД басшысының орынбасары Ктанов Е.С.