Date of publication: 19.10.2016 18:15
Date of changing: 21.10.2019 15:35

2016 жылғы 10 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  Шығыс Қазақстан облыстық сотының және ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларының, сот орындаушыларының, аймақтық мемлекеттік кіріс басқармаларының және әкімшілердің қатысуымен «Борышкерлерді субсидиарлық жауапкершілікке тарту негіздері мен салдарлары» атты «дөңгелек үстел» өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Жолдасбаев «дөңгелек үстел» қатысушыларымен сәлемдесіп борышкерлердің лауазымды тұлғаларын субсидиарлық жауапкершілікке тарту барысындағы мәселелі сұрақтарды талқылауға шақырды.  

Департаменттің борыштармен жұмыс басқармасының оңалту және банкроттық бөлімінің басшысы С.Уалибекова субсидиарлық берешек туралы және Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" Заңына сәйкес субсидиарлық берешекке тарту негіздері туралы айтып өтті.

Келесі сөз Департаменттің ЭТҚ-ң аса маңызды істер бойынша бас маманы-аға офицері С.Аягановқа берілді. С.Аяганов әдейі және жалған банкроттық белгілері туралы және әдейі және жалған банкроттық белгілері бар туралы қорытынды бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізу ерекшеліктеріне тоқтады. 

Сол сияқты бүгінгі күні субсидиарлық жаупкершілікке тарту бойынша істерді сотта қарау барысы туралы ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Салимов айтып берді.

Сонымен қатар барлық «дөңгелек үстел» қатысушылары субсидиарлық жауапкершілікке қатысты мәселелерді өзара талқылап, туындаған сұрақтарға жауап іздеді.

Соңында Департаменттің борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Е.Жумажанов барлық қатысушыларға алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. 

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті