ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі бюджет саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мен ашу мақсатында мемлекеттік қаражаттарды игеру, оның ішінде ұлттық компаниялардағы жобаларды жүзеге асыруға тұрақты түрде қадағалау жүргізіп отыр.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық қордың қаражаттарын қарызға алушылардың қызметіне дистанциялық талдау жасау дер уақытында бюджет қаражаттарын ұрлау қаупіне дер уақытында көңіл бөлуге ықпал етеді.
Бюджет қаражаттарын ұрлау фактілері бойынша ЭТҚ 120 қылмыстық іс болып, 377 миллион теңгенің шығыны қайтарылды.
Мәселен, аса ірі көлемдегі бюджет қаражаттарын ұрлау фактілері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің 2012 жылғы сәуір мен 2015 жылғы маусым аралығында «Ертіс» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы арқылы «Еңбекпен қамту 2020», «Кәсіпкер», «Инновациялық жобалар» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақша қаражаттарын ұрлағаны анықталды.
2014 жылғы 12 қарашада ШҚО шаруа қожалықтарының бірі мен «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ ет алу үшін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту туралы жобаны жүзеге асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісім шартқа отырады.
Аталған инвестициялық жобаның шеңберінде шаруа қожалығына 244 бас асыл тұқымды жылқы мен ірі қара малды сатып алу үшін 149 миллион теңге бөлінеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз 149 миллион теңгені ұрлап алған.
Сонымен қатар 2014-2015 ж.ж. аралығында қылмыстық топтың мүшелері «Кәсіпкер», «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламалары бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚ филиалы арқылы жалған тұлғаларға 114 миллион теңге несие ресімдеген.
Бұдан басқа асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 27 миллион теңгенің мемлекеттік субсидиясын алған.
Айыпталушылардың қылмыстық іс әрекетімен мемлекетке 290 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Шығынды қайтарып алу мақсатымен ұйымдасқан топтың мүшелерінің мүлкіне 176 миллион теңге көлемінде тоқтам салынды.
Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Қылмыстық іс прокуратураға айыптау қорытындысымен жолданды.
ШҚО бойынша МКД ЭТҚ