Өткізу уақыты: 13.10.2016 г.
Дөңгелек устел құрамында қатысқандар: Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшының орынбасары Жұмағалиев М.С. Кәсіпкер палатасы «Атамекен», Қоғамдық қоры «Damu», бұқаралық ақпарат құралдары, Семей қаласының кәсіпкерлері.
Тақырыбы : Сыбайлас жемқорлықты алдын алу.
Кіріспе сөзбен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары Жумагалиев М.С. өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың мәселесін ашып, мемлекеттік кірістер басқармасында антисоциалдық құбылыстар мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеушілік көріністері бойынша сөз сөйледі.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жемқорлыққа қарсы механизмдер бекітіліп биылғы жылдан бастап күшіне енді. Мониторинг өткізу, талдау және жемқорлыққа қарсы шектеулер. Жаңа Әдеп кодексімен реттелген моральді этикалық принципке аса көңіл бөлінді.
Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Ұлт жоспары- 100 қадам» бағдарламасы бойынша тиімді мемлекеттік аппарат құруға аса көңіл бөлініп отыр. 100 қадамның 15-і мемлекеттік қызметті жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындайды. Соның бірі Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын жетілдіруге арналған. Оны шешу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) әзірленді. Аталған құжат әр мемлекеттік қызметшінің жеке кітабына айналуы тиіс. Әр мемлекеттік қызметші әдептіліктің жоғарғы мәдениетін көрсетуге міндетті. Казіргі уақытта қызметке жаңадан келген жас мамандарға осы заң міндетті түрде түсіндіріледі. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылады.
Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда тәртіптік жауапқа тартылмайды. Жауапкершілік қылмыстық тұрғыдан қаралады.
Тағы бір жаңа енгізілім ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің үйлестіру рөлінің тағайындалуы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Ұлттық доклад» әзірлеп ел басына ұсынатын болады.
Сонемен қатар call-центр 1494 деген қысқа номерге телефон шалып сыбайлас жемқорлық фактілері туралы әр азамат хабарлай алады. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тарапынан ақша талап ету болмаса басқа да келеңсіз жағдайлар орын алған жағдайда төмендегі телефондар бойынша хабарласуға болады.
Байланыс телефондары 70-10-48 (ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің сенім телефоны, 52-24-16 (Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының сенім телефоны).